⚠️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

(0 Votes)



Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлау деректерінің көбейгенін ескертеді.

Балалардың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты жауапкершілігі. Өкінішке қарай, көп жағдайда қайғылы оқиғалар ересектердің қарауынсыз қалған сәтте орын алады.

❗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
– Терезеге жақын жиһаздарды (орындық, үстел, диван) қоймаңыз
– Терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын орнатыңыз
– Масадан қорғайтын тор баланы ұстап қала алмайтынын ұмытпаңыз

👶 Есіңізде болсын: бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

Балаларыңыздың қауіпсіздігі – өз қолыңызда!

Атырау облысы ТЖ департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT