Атырау қаласында ұйымдастырылған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы аймақтық көрмеге Құрманғазы ауданынан келген кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстыруда.
Көрмеде жергілікті кәсіпкерлердің бөтелкедегі ауыз суы, гипстан жасалған сәндік бұйымдары, қазақы нақыштағы төсек-жабдықтары мен көрпелері, сондай-ақ матадан тігілген түрлі қолөнер және тұрмыстық бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Бұл жоба ауылдық жерлердегі шағын өндірісті дамытуға, жергілікті өнімдерді насихаттауға және кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Құрманғазы ауданының кәсіпкерлеріне сәттілік тілеп, олардың өнімдері жоғары бағаланып, үздік жобалар қатарынан көрінуіне тілектеспіз!


