Құрманғазыда шетелдік туристерге қауіпсіздік түсіндірілді

(0 Votes)

18 сәуір күні Бельгия елінен келген шетел азаматтары Моңғолия бағытына жол тартып бара жатып, Құрманғазы ауылы аумағына аялдаған.

Осы сәтте Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағанбет Миянов түнгі кезекшілік барысында шетелдік азаматтармен кездесіп, олардың сапарының қауіпсіз өтуіне байланысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында полиция қызметкері жол қозғалысы ережелерін сақтау, сақтық шараларын күшейту және алыс жолда қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік қонақтар көрсетілген ілтипат пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, сапарларын әрі қарай жалғастырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT