Құрманғазы ауданында жанармайға қатысты жағдай тұрақты. Аудан әкімдігінің мәліметінше, соңғы күндері тараған түрлі ақпараттарға қарамастан, алаңдауға негіз жоқ. Жаппай сұраныс немесе ірі көлемде сатып алу фактілері тіркелмеген.
Аудан әкімі Абат Жанғалиевтің айтуынша, Қазақстан–Ресей шекарасында жанармайды алып өтуге қатысты қолданыстағы шектеулер қатаң бақылауда.
– Бүгін шекара өткізу бекетінде 20 және 40 литрлік канистрлермен жанармай алып өтпек болған 8 дерек анықталып, олардың жолы кесілді. Құрманғазы ауданында жанармайды ірі көлемде, тонналап тасымалдау фактілері тіркелген жоқ, – деді аудан әкімі.
Нұргүл Насыр

