Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 17 бабы 4тармағына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойыншадепартаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Еркебаевтың 2026 жылғы 30 маусымдағы келісім хаты негізінде, аудан әкімінің өкімімен аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Нұрланұлы Бауыржан тағайындалды.
Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда аудан орталығында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы аудандық Әділет басқармасында кеңесші-тіркеуші болып бастап, 2016-2018 жылдар аралығында аталған басқарманың инспектор тіркеуші лауазымын атқарды. 2018-2022 жылдар аралығында жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша аудандық бөлімде маман мұрағатшы, аудандық құрылыс бөлімінде бас маман лауазымында болды. 2022 жылы Көптоғай ауылдық округі әкімі сайлауында басым дауысқа ие болып, төрт жыл мерзім ауыл басшысы лауазымына тағайындалды.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев жаңа бөлім басшысын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен бірге Мемлекет басшысының сындарлы саясатын қолдап, функционалдық міндетіне кіретін сәулет және құрылыс саласын дамыту, сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және жердің аукцион, конкурстарын талап деңгейінде өткізуді тапсырды.
Айбек МЕЙІРМАН

