Көркем гимнастикадан Ташкенттегі әлем кубогында ел құрамасынан кімдер бақ сынайды

(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының жаңа кезеңі өтеді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы жекелей және топтық жаттығуларда бақ сынайды. 

Команда құрамында бірнеше спортшы бар. Атап айтқанда, жекелей сайыста Диана Сәрсембаева мен Дария Күшербаева сынға түседі. Ал топтық жаттығуларда Аида Хәкіммжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаяға сенім артылып отыр.  

Айта кетейік, әлем кубогының бұл кезеңі 10 сәуірде басталады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT