«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы мүшелері «Сулейменова» ӨК ұжымымен жүздесті. Жұмысшы топ құрамында Ерлан Хисметуллин, Замзагүл Карсакова, Ауез Изжанов және Есболат Құбашев болды. Жиын барысында Конституция жобасында қарастырылған өзгерістердің негізгі бағыттары – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Өздеріңізге белгілі, алдағы уақытта тарихи сәт болғалы тұр. Ең басты әрі өзгермейтін құндылықтың бірі – адамдардың қадір-қасиеті, бостандығы және қауіпсіздігі. Адам өмірі жаңа жобада ерекше маңызды. Бұл өзгерістер халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайтады. Қабылданған бастамалар өңірлердің дамуына оң әсерін тигізіп, ел болашағына сенімді қадам жасауға жол ашады – деді өз сөзінде есболат Құбашев.

«Өндіріс орындарындағы мамандар – ел экономикасының тірегі. Сондықтан Конституциялық өзгерістердің мәнін түсініп, белсенділік таныту – ортақ жауапкершілік. Біз үшін халықтың пікірін есту және оны ескеру маңызды», – деді Әуез Садуұлы. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жұмысшы орта ел дамуына бейжай қарамайтынын, жаңа кезеңде жауапкершілікпен атсалысуға дайын екенін айқын көрсетті.
Айнагүл Шакупова



