Талдықорған қаласында түнгі сағат 00:00 шамасында 14 жастағы қыз ашық жатқан, шамамен төрт метрлік құдыққа құлап кетті. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, «Беркут-163» және «Беркут-164» экипаждары жетіп, қызды арқанның көмегімен аман-есен шығарып алды.
Зардап шеккен қыз дәрігерлерге тапсырылды. Кейін қауіпті құдықты жабу бойынша тиісті шаралар қабылданып, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің қиын сәтте әрдайым көмекке дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.
#нашаполиция #біздіңполиция

