Құлсары қаласының аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, арнайы техника жұмылдырылып, белгіленбеген орындарда жиналған құрылыс қалдықтары, тұрмыстық қоқыстар және заңсыз орналастырылған нысандарды тазарту жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, бос жатқан аумақтар қоқыстан тазартылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бағытында шаралар қабылдануда.
Осыған байланысты, қала тұрғындарын тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Гулназым Ертілеуова

