ҚХП өкілі Бейбіт Құсайынов партиялар арасындағы телевизиялық дебатта модератордың колледждерді жекеменшік компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру туралы сұрағына жауап берді.
Оның айтуынша, елімізде механик, сантехник және басқа да жұмысшы мамандар тапшы. Сонымен қатар, колледж түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Керісінше, олар курьер немесе такси жүргізушісі болып еңбек етуге мәжбүр.
Бұл – алаңдатарлық жағдай, деді ҚХП өкілі. Бейбіт Құсайыновтың пікірінше, бұл мәселенің шешімі – колледждерді бейінді жекеменшік компаниялардың басқаруына беру. Оның айтуынша, мұндай тәсіл студенттерге оқу барысында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде олар колледжді тәмамдағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

