Кеселге қарсы бірлескен іс-қимыл

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, әділеттілікке нұсқан келтіреді. Сондай-ақ азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді және елдің экономикалық дамуын тежейді. Сондықтан жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы бағыттағы негізгі құқықтық құжат болып табылады. Ол жемқорлықтың алдын алуға, оны анықтауға және жауапкершілікке тартуға бағытталған. Заң мемлекеттік қызметшілердің адалдығын арттыруды, мүдделер қақтығысын болдырмауды және ашықтықты қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Әрбір азамат адалдықты сақтап, жемқорлыққа жол бермеуге үлес қосуы тиіс.

Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Әр адам өз бойында адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылықтан қаша білу, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.

Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастап, нәтижеге қол жеткізуге, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу – әрбір қазақстандықтың азаматтық та әрі адамзаттық парызы. Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат адалдықты сақтап, әділдікке үлес қосқанда ғана жемқорлықпен тиімді күресуге болады. 

Ж.ЖҰМАБАЕВА, 

аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Референдум 2026

Референдум 2026