Бүгін “Келешек” сауықтыру лагерінде Патриоттық күн аясында балаларға арналған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар еліміз туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін жетілдірді.
Балалар Отан тақырыбында сурет салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Шапшаңдық пен ептілікке бағытталған ойындар да өткізіліп, белсенділік танытты.
Шараның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және жан-жақты дамуына ықпал ету.


