«Келешек мектептері» - сапаны арттыруға арналған бірегей жоба

(0 Votes)

Демографиялық өсім мен қажеттілік артқан кезеңде мұндай бастама өз жемісін беріп жатыр. Биылғы 2025–2026 жылғы оқу жылында 4,1 млн-ға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады. Оның ішінде бірінші сынып 360 мыңнан асып жығылады. Ал ашылған мектептер санына тоқталсақ, кейінгі алты жылда елімізде 1 млн-нан астам орынға мыңнан аса білім ошағы салынды.

Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» осы ауқымды стратегиялық бастаманың маңызды бөлігі.

«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Олар гимназия немесе лицей емес, өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектептер. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 146 мыңға жуық оқушы оқитын 150 білім мекемесі.
Қарқынды жұмыс нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 4 есе, апатты жағдайдағы мектептер 2 есе, оқушы орындарының тапшылығы 4 есеге қысқарғанын атап өту керек. Мәселен, биыл Шымкент қаласында, Ақмола және Қызылорда облыстарында үш ауы­сымды мектептер мәселесі жойылды. Бүгінде елімізде шамамен 3 мың мектеп бір ауысымда, 5 мың мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.
«Келешек мектептерінің» жартысы ауылдарда ашылады. Демек, атал­ған бастама алдымен орын тапшы­лығын болдырмаса, одан соң ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапа­сындағы алшақтықты жоюға бағыт­тал­ған. Себебі бұл жай ғана мектептер емес, заманауи оқыту тәсілдері мен соған сай инфрақұрылым қалыптастыратын оқу ордалары. Мұнда заман қажеттіліктеріне сай ең озық материалдық-техникалық база қамтамасыз етілген. Оқушылар, ата-аналар, тіпті педагогтердің өзі «Келешек мектептерін» үлкен қуанышпен қарсы алып, реакцияларымен бөлісіп отыр.
Қаныбек ЖҰМАШЕВ,
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы
(Ықшамдалып алынды)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT