№49 жалпы білім беретін мектептің «Келешек» сауықтыру лагерінде «Мақалдың жалғасын тап» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар қазақ халқының мақал-мәтелдерін жалғастырып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Сайыс балалардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын дамытуға бағытталды.
Қызықты өткен додада оқушылар белсенділік танытып, мақал-мәтелдерді жақсы меңгергендерін көрсетті. Шара көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қатысушылар үшін есте қаларлық сәттерге толы болды.
Н. Насыр


