«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында педагогтерге арналған семинар-практикум өтті.
Мақсаты – заманауи зертханалық жабдықтарды оқу үдерісінде тиімді қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға Түркістан облысындағы келешек мектептен 200-ге жуық педагог қатысып, зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру, виртуалды зертханалар мен цифрлық платформаларды пайдалану бағытында тәжірибе алмасты.
Семинар ұстаздарға жаңа идеялар беріп, кәсіби дамуға серпін болды. Ал бұл өз кезегінде оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Заманауи мектеп зертханасы – болашаққа жасалған инвестиция.
Ал сол болашақты қалыптастыратын – ұстаз.

