№48 жалпы білім беретін мектептің «Келешек» сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздер күніне орай Флагшток алаңында өткен мерекелік концертті тамашалады.
Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдерін қызығушылықпен тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді. Рухты әндер мен асқақ әуендер балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттырды.
Іс-шарадан кейін лагерь тәрбиеленушілері Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен естелік суретке түсіп, жылы жүздесу мүмкіндігіне ие болды. Өңір басшысы балаларға ізгі тілегін білдіріп, жақсы демалыс пен оқуда табыс тіледі.
Бұл кездесу балалар үшін мерекелік күннің ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
Н. Насыр


