Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-өлкетанушы Төлеген Жаңабай республикалық референдумда дауыс берді. Ол Атырау қаласындағы №32 орта мектепте орналасқан №62 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
— Бүгінгі еліміздегі көптен күткен маңызды үрдіске мен де қатысып отырмын. Өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Референдум учаскесіне халықтың көптеп келуі — елдің саналы екенін, мемлекетіміздің алға ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, береке-бірлігіміз арта берсін, — деп ақ батасын берді.
Учаскедегі тіркелген ең үлкен жастағы дауыс беруші ретінде Төлеген Жаңабайға арнайы сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, №62 референдум учаскесінде барлығы 2257 адам тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа жаңа толған 8 азамат және 7 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

