Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан 57 ардагер қалды

(0 Votes)

Елімізде ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысып, бүгінгі күнге дейін ортамызда жүрген ардагерлер саны – 57. Бұл туралы ресми деректерде айтылды.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай мемлекет олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден бір реттік материалдық көмек көрсетеді.

Ардагерлерге берілетін әлеуметтік қолдау – олардың ел алдындағы ерен еңбегі мен жанқияр ерлігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Сонымен қатар, өңірлерде соғыс ардагерлерін құттықтау шаралары ұйымдастырылып, мерекелік кездесулер өтіп жатыр.

Айта кетейік, жыл өткен сайын соғыс куәгерлерінің қатары сиреп барады. Сондықтан олардың ерлігі мен өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау маңызды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT