Қазақстанда инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа тетігі іске қосылды

(0 Votes)

Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жанынан инвестициялық дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі комиссия құрылды.

Жаңа тетік инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жүгінбей шешуге мүмкіндік береді.

Комиссияға инвесторлармен қатар мемлекеттік органдар мен инвестициялық прокурор да жүгіне алады. Даулар Комитет, «Атамекен» ҰКП, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті және қажет болған жағдайда бейінді мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қаралады.

«Біздің міндетіміз – туындайтын дауларды барынша жылдам әрі конструктивті түрде шешіп, инвестициялық жобалардың әкімшілік кедергілерсіз іске асырылуына жағдай жасау», – деді Комитет төрағасы Бауыржан Ералы.

Жаңа механизмнің басты мақсаты – инвесторлардың құқықтарын жедел қорғау және инвестициялық жобаларды сотқа дейінгі кезеңде тиімді сүйемелдеу

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT