ҚАУІПСІЗДІККЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

(0 Votes)

Көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде азамат құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздарды және басқа да тұрмыстық заттарды балконнан тікелей аула аумағына лақтырған.

Мұндай әрекет қоршаған ортаны ластап қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Жоғары қабаттан тасталған ауыр заттар кез келген сәтте тұрғындарды немесе аулада ойнап жүрген балаларды жарақаттауы мүмкін.

Орын алған жайт бойынша жергілікті атқарушы органдар мен полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушы тұлға анықталды.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабының 1 тармағына сәйкес 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, құқық бұзушымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды толықтай жинап, аумақты бастапқы қалпына келтіру міндеттелді.

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамаңыздар. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті, ал қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке әкеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT