ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес, тергеу барысында қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар мен кемшіліктер анықталған жағдайда, оларды жою бойынша тиісті мекемелер мен жауапты тұлғаларға ұсыныстар енгізіледі.
Мәселен, Атырау қаласындағы мектептердің бірінде болған қылмыстық істі тергеу барысында қауіпсіздік жүйесіндегі кемшіліктер анықталып, күзет ұйымына тиісті ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, сот шешімімен аталған ұйымның күзет қызметіне арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылды.
Бұл – тергеу барысында анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты шаралардың бірі. Мұндай жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полицияның тұрақты назарында.


