#ЗАҢМЕНТӘРТІП
11–16 шілде аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарған 5 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, Водник-2 ықшам ауданында Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде 39 жастағы жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады.

