2026 жылғы 5 қазаннан 5 қарашаға дейін облыс аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруда.
Баланың қауіпсіздігі - баршамызға ортақ жауапкершілік!


