“Қауіпсіз балалық шақ кепілі”: Атыраулық оқушыларға арналған ауқымды форум өтті

(0 Votes)

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

 8 сәуір күні Атырау облысы полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған мектеп оқушылары мен студенттерге арналған ауқымды форум өтті. Шараның басты мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарына деген сенімді күшейту және олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Форумға 300-ге жуық оқушы мен студент, сондай-ақ Полиция департаменті жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы кеңесінің мүшелері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен департамент басшылығы қатысты.

 Іс-шара барысында оқушылар VR технология арқылы полиция қызметін сезініп көріп, Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Арнайы бөлімшелердің көрсетілімдері, кинологтардың өнері және заманауи техникалар көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

 Соңында ашық диалог алаңы өтіп, жастар өз сұрақтарын қойып, полиция қызметіне қатысты толық ақпарат алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT