Канал бойындағы тазалық жұмыстары жалғасуда

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» аясында Зинеден ауылдық округінде канал бойын тазалауға бағытталған кезекті сенбілік өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, су арналарының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілікке ауылдық округ қызметкерлері белсенді қатысып, канал жағалауларында жиналған тұрмыстық қалдықтар мен түрлі қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында канал бойы ретке келтіріліп, аумақтың көріктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

 

 

Мұндай экологиялық шаралар су арналарының қалыпты жұмыс істеуіне оң әсерін тигізіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның назарын аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, табиғатты аялау мен тазалықты сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін насихаттауға ықпал етеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT