Қала келбеті тазалықтан басталады

(0 Votes)

Қала әкімі шаһар аумағындағы санитарлық ахуалды бақылау мақсатында бірқатар ықшам аудандарды аралап шықты.

Жұмыс сапары барысында көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы мұқият тексеріліп, коммуналдық қызметтердің жұмысына жан-жақты баға берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша жауапты «Жылыой Тазалық» мекемесіне нақты міндеттер жүктеліп, тазалық жұмыстарын күшейту, оларды жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізу тапсырылды. Қала басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы, көрікті әрі таза ортаны қалыптастыру – басты міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.

           

    А.Махамбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT