Сізге алкогольді ішімдікті ішу немесе ішпеу таңдауы берілсе, ең алдымен мұның соңы неге əкеліп соғатыны туралы ойланыңыз. Ресми мəлімет бойынша, тұрмыстық қылмыстардың 80% астамы ішімдіктің салдарынан болады. Ішімдіктен бас тартса, қаншама тағдырларды талқандаған қайғылы оқиғалар болмас еді?! Мас əрі жауапсыз жүргізушілердің кінəсінен қаншама адам жол апатынан көз жұмып жатыр? Сондықтан өзіңіздің жəне туған-туыстарыңыздың, ал кейде тіпті бейтаныс жандардың да өмірі сіздің қолыңызда тұрғандығын ұмытпаған жөн.

