Өңірде ІТ мамандары, дәрігерлер мен жаратылыстану пәні мұғалімдеріне сұраныс жоғары

(0 Votes)

Атырау облысында еңбек нарығында ақпараттық технологиялар, инженерия, құрылыс, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша білікті кадрларға қажеттілік артып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметінше, өңірде ІТ мамандары, инженер-бағдарламашылар, құрылыс жобалаушы инженерлер, сондай-ақ рентгенолог, терапевт, педиатр, анестезиолог, кардиолог, акушер-гинеколог және психолог мамандарына сұраныс жоғары. 

Сонымен қатар физика, биология және химия пәндерінің мұғалімдеріне де еңбек нарығында мүмкіндік мол. Осыған орай, өңірде жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарының түлектері үшін тұрақты жұмысқа орналасуға әрі еңбек жолын сенімді бастауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

-Жыл басынан бері Мансап орталығының көмегімен 9 007 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 3 700 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды, 206 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Сонымен қатар жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының 840 түлегі жастар практикасына қатысып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алды, - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілхасымов

Биыл өңірде 20 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 425 жұмыс беруші мен 2 592 жұмыс іздеуші қатысты. Нәтижесінде 715 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Жыл соңына дейін облыста тағы 46 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің өзара байланысын нығайтып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына қосымша мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT