«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағындағы жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда.
Осыған орай аудан әкімі Ж. Қаражанов бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Атап айтқанда, Қосшағыл ауылдық округіндегі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жобасының II кезеңі аясында жүзеге асырылып жатқан 18,7 шақырым жол құрылысы мен Тұрғызба елді мекеніндегі ұзындығы 17,8 шақырымды құрайтын ауылішілік жол құрылысының орындалу қарқыны зерделенді.
Сонымен қатар Береке ықшам ауданындағы Тұзды көлдегі құбырлы өткел мен шлюз құрылысының жай-күйі талқыланып, аудан аумағындағы Құрсай жағалауындағы бетондау жұмыстарына бақылау жүргізілді.
Нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуына ерекше назар аударылып, мердігер мекемелерге жұмыстарды жеделдетіп, белгіленген мерзімде сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

