Елордалық прокуратура қызметкерлері «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында спорттық дәстүрді қолдады

(0 Votes)

15 тамызда елорда прокуратурасының  50-ден астам қызметкері Спорт күніне орай ұйымдастырылған «ALMATY RUN» жаппай жүгіру жарысына қатысты.
Бұл спорттық шара қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануға және командалық рухты нығайтуға деген ұмтылысын біріктірді.

Елорда  прокурорлары жеке үлгі көрсету арқылы жоғары кәсіби тәртіп пен тамаша физикалық дайындықтың тығыз байланысын паш етті.

Олардың барлығы «Триатлон» саябағындағы 6,2 шақырымдық қашықтықты бағындырып, мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Елорда прокуратурасы тек заң үстемдігін ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы салауатты дәстүрлерді де нығайта отырып, бұқаралық спорттың дамуына белсенді қолдау көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT