«Елге қызмет – басты міндет»

(0 Votes)

Кенжегалиев Тұрарбек Гильманұлы – өз ісіне адал, еңбегімен елге үлгі болып жүрген нағыз маман. Ол Нұржау ауылдық округінде «Қазақтелеком» мекемесінің монтері болып, осы салада 15 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкер. Халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.


Күннің ыстығына да, суығына да қарамай, биіктегі бағанға өрмелеп, желі жөндеп жүрген оның жұмысы – үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап етеді. Әрбір тартылған сым, қалпына келтірілген байланыс пен интернет желісі – тұрғындардың күнделікті тіршілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан Тұрарбек Гильманұлы өз міндетін жай ғана жұмыс емес, халыққа қызмет деп түсінеді.
Оның еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі әріптестері арасында да жоғары бағаланады. Еңбегі еленіп, аудан көлемінде «Үздік байланыс қызметкері» атағына ие болған. Қандай қиын жағдай болмасын, сабырмен шешім қабылдап, жұмысты сапалы орындауы – нағыз маманға тән қасиет.
Осындай азаматтардың арқасында ауыл мен қала арасындағы байланыс үзілмей, заманауи өмірдің ырғағы сақталып келеді.


Тұрарбек Гильманұлы – тек өз ісінің шебері ғана емес, кейінгі жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер. Оның еңбек жолы – табандылықтың, жауапкершіліктің және адал еңбектің айқын көрінісі.
Ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген осындай азаматтар әрдайым құрметке лайық

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT