Электронды қызмет алу аймағы "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

(0 Votes)

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, халыққа қолайлы әрі ашық форматта ұсынылуда. 

       Азаматтар қажетті анықтамалар мен өтініштерді онлайн түрде рәсімдей алады. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеп, артық қағазбастылықты азайтады. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін, электрондық үкімет порталы іске қосылған. Портал арқылы тұрғындар түрлі анықтамаларға тапсырыс беріп, әлеуметтік төлемдерге өтініш жолдап, тіркеу және лицензиялау қызметтерін пайдалана алады.

      «Бірлік ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс жасап тұр. Бұл бұрыш арнайы компьютермен, интернет желісімен және қажетті нұсқаулықтармен жабдықталған. Мұнда келушілер өз бетінше электронды қызметтерді ала алады. Қажет болған жағдайда жауапты маман кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсетеді. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының басты артықшылықтары:                                           

- уақытты үнемдеу

- қызмет алу үдерісінің ашықтығы

- кезекте тұрудың азаюы.

     Бұл аймақ – азаматтарға қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызметтерді тез әрі қарапайым түрде алуға мүмкіндік береді.

Б.Иманғалиева, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT