Махамбет ауданында биыл 4785,9 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қазір шаруалар 300 тоннадан астам көкөніс пен 100 тоннадан астам бақша өнімін жинап үлгерді. Жиын-терім қараша айына дейін жалғасады.
Мемлекеттік қолдау аясында шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны, минералды тыңайтқыштар мен субсидиялар беріліп, суару инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Ал жиналған өнім алдымен жергілікті нарыққа шығарылып, кейін облыс тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

