📍 Атырау облысы полиция департаменті БАҚ өкілдеріне арналған пресс-патруль ұйымдастырды. Журналистер стационарлық полиция бекетінің, әуе дрондарының және «Ekin Patrol» мобильді автокешенінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ полиция генерал-майоры Оңал Бекеев тұрғындармен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
✅ Пресс-патрульдің басты мақсаты – полиция жұмысының ашықтығын көрсету және тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

