Сағат тілі тура кешкі сағат 20-00-ді көрсеткенде 173 нөмірлі референдум учаскесінде дауыс беру тоқтатылды. Талапқа сай пайдаланылмаған бюллетеньдер есептеліп, жойылды.
Дауыстарды санағанда алдымен тасымалданатын жәшік ашылып санақ жүргізілді. Сонан соң үлкен жәшікке кезек келді. Жәшіктерге салынған бюллетеньдер арқылы дауыс бергендердің саны анықталып “иә”, “жоқ” бөлек-бөлек саналды.

