Аудан орталығындағы Жастар алаңында «Өрлей бер, өсе бер, жас дарын!» атты дарынды оқушылардың шеруі өтті. Алдымен Абай, Еңбекші, Бегәлиев, Әуезов, Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі ұйымдастырған көрмеде озат оқушылар өздерінің білім ұяларының бүгінгі жетістіктерімен жан-жақты таныстырды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Мұратов, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева құттықтау тілектерін білдіріп, марапаттау рәсімін жасады. Үздіктер шеруін бастаған ғасырдан астам тарихы бар Абай атындағы жалпы орта мектебіне «Зияткерлер командасы-2026» және «Білімді көшбасшылар командасы-2026» номинациясы табысталды. Шеруді жалғастырған Еңбекші жалпы орта мектебіне «Шығармашыл команда-2026» және «Болашақ зерттеушілер командасы-2026» номинациясы тапсырылды. Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепке «Зияткер ұрпақ командасы -2026» және «Олимп шыңындағылар командасы-2026», М.Әуезов, Ломоносов атындағы жалпы орта мектепке «Интеллект көшбасшылары командасы-2026», Ы.Алтынсарин Шортанбай жалпы орта мектепке «Зерттеуші шәкірттер командасы-2026», С.Имашев, Әбу Сәрсенбаев, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектепке «Білгірлер командасы -2026», Ғ.Мүсірепов, Д.Нұрпейісова, Ақкөл жалпы орта мектебіне «Зерделілер командасы -2026», Гагарин, Н.Манаев, Қадыр Мырза Әлі, Нұржау, Панфилов атындағы жалпы орта мектепке «Таланттылар командасы-2026», Қиғаш, Ж.Нәжімеденов, Ш.Уәлиханов, Балқұдық, Сүйіндік жалпы орта мектебіне «Талаптылар командасы-2026» номинациялары ұсынылды.
Сахна төріне шақырылған Шортанбай жалпы орта мектебінің түлегі республикалық Ауыл олимпиадасының 2 дүркін жүлдегері Нұрхан Мирман мен Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің түлегі республикалық Ауыл олимпиадасының күміс, қола медаль иегері Айнара Тасқалиева «Жеңіс төсбелгісін» ұстап шықты. Шеру Нұрсәт Нұрмағанбеттің орындауындағы «Дарындылар гимні» әнімен тәмамдалды.
Дарындылар шеруі
- Информация о материале
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- : 60


