Былтырғы бастама – бүгінгі игілік

(0 Votes)

Ауданымызға қарасты Сүйіндік ауылында былтыр жаңа емхана пайдалануға беріліп, халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде мұнда 30-ға жуық маман еңбек етеді. 

Жаңа емхана заманауи талапқа сай, жарық әрі жұмыс істеуге қолайлы. 

Бұрын ауылда зертхана болмағандықтан, тұрғындар қан талдауларын тапсыру үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болған.

«Биылдан бастап зертханамен келісім жасалып, анализдер осы жерден алынып, арнайы курьерлік қызмет арқылы ауданға жеткізіледі. Нәтижелері уақытылы алынуда. Бұл әсіресе балар мен егде жастағы адамдарға және жүкті әйелдер үшін ыңғайлы. Емханада барлық екпе түрлері жүргізіледі. Ауыл тұрғындарының денсаулығы тұрақты түрде дәрігерлердің бақылауында», - деді Сүйіндік емханасының аға дәрігері Ботакөз Айымова.

Сонымен қатар емханада стоматологиялық қызмет көрсетіледі. Ауылдың шалғай орналасуына байланысты қалаға барып емделу көпшілікке қиындық тудырады. Емханадағы стомотолог тісті емдеу, жұлу және протездеу қызметтерін жергілікті жерде ұсынуда.

 Әділет ҚАНАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT