Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашанға дейін жалғасады?

(0 Votes)

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ата-аналар өтінішті Ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы немесе мектепке тікелей барып тапсыра алады, Egemen.kz.

Ол үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

Өңірлерде құжат қабылдау әртүрлі мерзімде басталғанымен, барлық облыста өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады.

 

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімі төмендегідей бөлінген:

27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.

10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.

18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.

29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT