Бүгінгі таңда көпеген салалар цифрлық форматқа, жасанды интеллект қызметін көрсетуге көше бастады

(0 Votes)

📌Бүгінгі таңда көпеген салалар цифрлық форматқа, жасанды интеллект қызметін көрсетуге көше бастады. Бұл әсіресе сауда және есеп айырысу салаларына дендеп енді.

Осыған байланысты жаңа Конституцияға азаматтардың дербес цифрлық деректерін қорғау жөніндегі норма қосылды. Банктік операциялардың, жеке салымдар мен жинақтардың құпиялығын сақтауға кепілдік берілді. Цифрлық қауіпсіздік және банк деректерін қорғау нормалары жаңа Конституцияның 21 бабында көрсетілді.

🗣Маңғыстау өңірлік коалициясының ақпараттық-түсіндіру тобы қазіргі кезде азаматтар үшін цифрлық қауіпсіз орта құру мәселесінің өзектілігін, «IT-компания Mediana» ЖШС қызметкерлерімен кездесуде түсіндірді.


«Ата заңда адам құқықтарына баса мән берілгендігін компания қызметкерлері дұрыс түсініп, коалицияның жұмысына қолдау білдірді», -- деді ұжым басшысы Өмірбек Құрбанбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT