Бүгін көше тазаласақ, ертең қоқыс тастамайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек

(0 Votes)

«Таза Қазақстанның» ең басты нәтижесі жиналған қоқыстың тоннасымен емес, адамның санасында қалыптасқан өзгеріспен өлшенуі керек деп есептеймін.

Бүгін біз көшені тазалаймыз. Ертең сол көшеге қоқыс тастамайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Бүгін ағаш отырғызамыз. Ертең сол ағашты қорғайтын азамат қалыптастыруымыз қажет. Бүгін сенбілікке шығамыз. Ертең тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруымыз керек.

Атырау облысы үшін «Таза Қазақстан» – тек экологиялық бастама емес, қоғамдық мәдениетті жаңғыртудың мүмкіндігі. Ал Мақат сияқты өндірістік өңір үшін бұл бастаманың мәні одан да терең. Туған жердің табиғатын қорғау – болашақ ұрпақтың денсаулығына, өмір сапасына және елдің ертеңіне жасалған инвестиция.

Жас ұстаз ретінде менің ойымша, тазалық мәдениеті бір күнде қалыптаспайды. Ол мектептегі тәрбие, отбасындағы үлгі, қоғамдағы жауапкершілік және мемлекеттік жүйенің тұрақты жұмысы арқылы орнығады.

«Таза Қазақстанның» шынайы жеңісі – адамдардың «тазалайық» деген ойдан «ластамайық» деген санаға көшуі. Егер осы өзгеріс қалыптасса, акция өз мақсатына жетті деуге болады.

Үлпілдек Бушиева,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Атырау қаласы

Фото: "AtyrauPress"

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT