Берекелі отбасы – елдің берік негізі

(0 Votes)

Бір-біріне сүйеу болып, қуанышы мен қиыншылығын бірге бөлісіп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын үлгілі отбасылар – қоғамның берік тірегі.

Осындай үлгілі жас отбасылардың бірі – Атырау қаласы полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны Кадрлар және кәсіби қызметтік шынықтыру даярлығы тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Айболат Батановтың отбасы.

Ол 2018 жылдан бері ішкі істер органдарында қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Ал қызметтен тыс уақытта Айболат – сүйікті жарының жары, үш баласының әкесі, отбасының тірегі әрі шаңырағының отағасы.

Жеті жыл бұрын отбасын құрған жас отағасы үшін бала тәрбиесі, отбасының берекесі мен жақындарының амандығы – басты құндылықтардың бірі.

Қызметтегі жауапкершілік пен отбасындағы әкелік міндетті қатар алып жүрген Айболат Батановтың шаңырағы – өзара сыйластық пен сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT