«Amanat» партиясы аудандық филиалында наурыз айында өткен референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдау жөніндегі «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының үгіт-насихат және түсіндіру жұмысына белсенді қатысып, елеулі үлес қосқан мүшелерін марапаттау шарасы өтті.
Партияның аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин: – Үгіт-насихат жұмыстары бір адамның қолынан келмейді. Оған облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, осы отырған жастар белсене атсалысты. Түрлі салада жүрсеңіздерде бір кісідей жұмыла атқардыңыздар. Бәріңізге «Amanat» партиясының атынан алғысымды білдіремін! Алда Құрылтай сайлауы келе жатыр. Сіздер оған да осылай үлкен ұйымшылдықпен қатысады деген сенімдемін, – деп Қуандық Сәрсенбаев, Жанар Ажғалиеваға Қазақстан Республикасы Президентінің, Қанат Ғұмаров, Жалғас Сағындықов, Нұртілек Батуов, Дархан Ирғазиева, Жансая Насиполлаева, Тұрғанай Сабитова, Құндыз Сұлтанова, Нұрбек Шәмшеденовке ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошановтың, Ризабек Ахдүйсеев, Алтын Қапизова, Қайыржан Бауыржанұлына «Жастар рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасының, Есенбек Ахдүйсеев, Самал Зинурова, Адэлина Хайреденге партияның аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаттарын табыс етті. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, коалиция мүшесі Нұртілек Батуов сөйлеп, марапатталушы жастарға ризашылығын білдіріп, алға қарай да бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Қанат Зарлыханұлы

