Мектебімізде оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында жазғы кезеңдегі балалардың жеке өмір қауіпсіздігі, шомылу маусымындағы сақтық шаралары, терезеден құлаудың алдын алу, жол-көлік оқиғалары, соның ішінде мопед мәселесі, кешкі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің алдын алу, бала еңбегі талаптарының сақталуы секілді маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі бала құқықтарының сақталуы, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан «5 минуттық құндылық: қауіпсіз қоғам негізі» жобасының жүргізілуі және «Құқықтық мәдениет – қауіпсіз қоғам негізі» бағыты бойынша мектеп бітіру кештерінің заңдылықтары түсіндірілді.
Жиналысқа мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Түсіпова Жұлдыз Алғадайқызы, сондай-ақ Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шамеров Айдос Елдосұлы қатысып, ата-аналарға маңызды ақпараттар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Отбасы мен мектептің, қоғам мен құзырлы органдардың бірлескен әрекеті арқылы ғана балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз.
Абай атындағы жалпы орта мектеп

