1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды .
Мемлекет ұстанып отырған «Заң мен тәртіп» қағидасы әр баланың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуін қамтамасыз етуді басты мақсат етеді .
Осыған байланысты 2026 жылдың «Қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы деп жариялануы – қоғамның барлық мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені баланың құқығы мен амандығы – өркениетті қоғамның ең негізгі құндылықтарының бірі .
Осы бағытта студенттерге арналған «Бақытты балалық шақ» атты арт-терапиялық тренинг өтті
. Шараның мақсаты – жастардың эмоциялық жағдайын жақсарту, ішкі күйзелісті азайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және балалық шақпен байланысты жылы естеліктер арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру .
Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық және шығармашылық жаттығуларға қатысты . «Шаттық шеңбері» кезеңінде олар өз балалық шағындағы ең есте қалған бақытты сәттерін бір сөзбен сипаттап, қуаныш , достық , ойын , күлкі сияқты ұғымдар арқылы естеліктерімен бөлісті. Бұл бөлім топ ішінде жылы әрі сенімді атмосфера қалыптастырды .

