Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Абай облысының белсенді жастарымен өткен кездесуінде Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Олжас Сүлеймен Конституцияның жаңа жобасындағы білім, ғылым, инновация бағыттарына тоқталды.
“Біз осы аса маңызды салаларды Конституциямызға енгізіп отырмыз. “Бай мен кедейдің баласын білім ғана теңестіреді” деген анамның сөзі жадымда”, - деген ол жастарды референдумда өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.



