Азғырда саябақ тұрғындар игілігіне берілді

(1 Vote)

Азғыр ауылдық округіне 
қарасты Балқұдық ауылында тұрғындар үшін жаңа қоғамдық демалыс орны пайдалануға берілді. Балқұдық жалпы орта мектебінің түлектері туған жерге тарту ретінде ауыл орталығынан «Орталық  саябағын» ашып, игі істің бастамашысы болды.
 Саябақ ауыл тұрғындарының тынығып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған. Аумағы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында орындықтар орнатылып, заманауи талапқа сай безендірілді.
Салтанатты ашылу рәсімінде саябақтың қызыл лентасын Балқұдық жалпы орта мектебінің 2006 жылғы түлектері Ақылбек Аяпов пен Дәлеткерей Жұмабаев қиып, нысан ресми түрде халық игілігіне берілді.
Шара барысында Азғыр ауылдық округінің әкімі Арон Гумаров, Балқұдық жалпы орта мектебінің директоры Жанарай Имашова, сондай-ақ түлектердің ата-аналары Таупих Жұмабаев пен Карима Нұрмұханбетова сөз сөйлеп, ауылдың көркеюіне үлес қосқан түлектерге алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары атынан ағаларымыз ризашылықтарын жеткізіп, игі бастамаға ақ баталарын берді.
Туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналған «Орталық  саябағы» ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. Бұл игі іс – туған жерге деген сүйіспеншіліктің және кейінгі ұрпаққа үлгі болатын өнегелі бастаманың айқын көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT