4 мамыр күні Көздіғара ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында округ тұрғындарына тазалық пен қоршаған ортаны қорғау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына қоғамдық орындар мен көше бойларын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтау, аула аумақтарын күтіп ұстау және бейберекет қоқыс тастамау бойынша ескертулер жасалып, тұрғындарға тазалықтың маңыздылығы түсіндірілді.
Ауыл тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екені айтылып, акцияға белсенді қатысуға шақырылды.

