Атыраулық студенттер атаулы шәкіртақы иегері атанды

(0 Votes)

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде білім алып жүрген жастар үшін мамыр айындағы мерекелер ерекше қуанышпен есте қалды. Жоғары оқу орнының үздік үлгерімімен, үлгілі тәртібімен және қоғамдық белсенділігімен танылған студенттеріне Гейдар Әлиев атындағы халықаралық стипендия салтанатты түрде табысталды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символына айналған бұл шәкіртақы 2012 жылдан бері тағайындалып келеді. Осы уақыт аралығында мәртебелі стипендияны 66 студент иеленген.

Биылғы шәкіртақы иегерлері қатарында математика, физика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Бейбарыс Төлеген, гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенті Арсений Кулешов, жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Дильназ Досмұхамбетова, инновациялық білім беру факультетінің студенті Нұрбаян Мұратова және экономика және құқық факультетінің студенті Сәния Тайырова бар.

54adf95c b0e0 4e0e bf4f e81cc03c2ea1

Салтанатты рәсімге Әзербайжан Республикасының Ақтаудағы Бас консулы Айхан Сүлейменұлы мен консул Мубариз Жафаров арнайы қатысып, атаулы шәкіртақыны атыраулық студенттерге табыстады.

67c8ee41 cc64 4213 b84d f4a61bb6d418

– Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық стипендия студенттерді материалдық тұрғыдан қолдап қана қоймай, олардың білімге деген құштарлығын арттырады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға да өз үлесін қосады, – деді университет ректоры – басқарма төрағасы Саламат ИДРИСОВ.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT