Атыраулық полицейлер балаларға жол қауіпсіздігін тәтті тартумен насихаттады

(0 Votes)

 

 

🚔 «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалармен кездесу өткізді.

 

👮‍♂️ Кездесу барысында балаларға:

🚶‍♀️ жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту;

🚲 велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану;

🚦 жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолда мұқият болудың маңыздылығы түсіндірілді.

 

🍦 Іс-шара соңында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында балмұздақтар таратылып, қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте сақтауға шақырылды.

 

👨‍👩‍👧‍👦 Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға жол қозғалысы ережелерін үнемі түсіндіріп, олардың қауіпсіздігіне бірге жауапкершілікпен қарайық!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT