АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ «МЫҢ БАЛА» ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛ БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАДЫ

(0 Votes)

Атыраулық оқушы республикалық «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасында Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

El Umiti корпоративтік қоры ұйымдастыратын білім бәйгесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сәйкес жыл сайын ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Биыл Атырау облысы бойынша олимпиаданың І кезеңіне 1165 оқушы қатысқан. Нәтижесінде үздік көрсеткішке ие болған 146 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды.

Қорытындысында өңірден 46 оқушы жоғары ұпай жинап, республикалық және облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, олар Республикалық физика-математика мектебі мен облыстық мамандандырылған гимназиялар және лицейлерге қабылдануға мүмкіндік алды.

Ал республика бойынша ең жоғары нәтиже — 813 ұпайды Атырау қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 6-сынып оқушысы Ұзахпай Заңғар Аманжолұлы жинады.

Жас дарынның жетекшісі — Мирамғали Диас Мирамғалиұлы. Білім ордасының директоры — Егизалиев Рамазан.

Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасы ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтап, оларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT